Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда
21.09.2023
«Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты
21.09.2023
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
21.09.2023
Ерлі-зайыпты 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлдарын кездейсоқ қағып кетті
21.09.2023
Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады
21.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Қазақтың мұсылмандығы мен діншілдігі жер мен көктей
ДінРуханият

Қазақтың мұсылмандығы мен діншілдігі жер мен көктей

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 24.07.2023
Обновлено 24.07.2023 в 03:07
Поделиться
Поделиться

Адамзат тарихында үнемі локалды мәдени ошақтар пайда болып жатады…

Осындай кездері ол жерлерде кіндікке байланған тартылыс күшінен қашу орын алады. Орта ғасырларда бұл «бір орталыққа бағынған діннен» қашу арқылы көрініс тапты.

Еуропада католиктер мен протестанттар соғысы және лютерандық пен праволавиенің пайда болуы — осының айғағы. Жақында ғана Орыс шіркеуінен Украина шіркеуінің бөлініп шығуы да содан.

Ислам Орта Азияға қылыш жүзімен келді.

Бірақ, кейін оның таралуының бейбіт жолын Яссауи жасады. Ол Тәңірлікті исламдандырды.

Бұл да «орталықтан қашу» көрінісі.

Сондықтан, бұрынғы қазақ діні – аты жағынан «ислам», заты жағынан «тәңірлік» болып мұндаға дейін өмір сүрді.

Тәуелсіздіктен кейін Қазақстанда «Қандай ислам болуы керек?» деген мәселе пайда болды.

Себебі, дінді де тәуелсіздікке орай қайта құру басталды.

Осы кез араби діни орталықтар ерекше белсенділік танытып, біздегі «дәстүрлі» деп келген діни қалыпты ығыстыра бастады…

Бұл процесс моралдік және басқа күйзеліс (дағдарыс) жағдайнда өткендіктен – ислам әлемінде орын алып отырған барлық ағымдардың қайшылығы бізге келді.

Сөйтіп, бір дін ішіндегі «секталық майдан» бізге көшті.

Ал, қатаң діни ережесін ұстанатын арабтарда ол жоқ.

Ырду-дырду діни көзқарас тұрғыда бөлшектенген Қазақстанда ғана бар.

Нәтижесінде, ислами секталар арасындағы тартыс бізде өршіді…

Ол тұтас қазақты ыдыратуға бет алды…

Ал, бұған ілесе Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа мәдени ортаға айналу тетіктерін іске қосу мәселесі күн тәртібіне қосылды.

Соған сай, елімізде мемлекетшілдікті мақсат еткен жаңа дүниетаным – Тәңірлік дүниетаным жаңғырды.

Бұл да жаңадан қалыптасу үстіндегі өркениеттің «орталықтан қашу» белгісі (тек діни бағыттағы).

Әзірге елде ислам позициясы күшті.

Оған ықпал етуші – қазақтың аса бір қатты діншілдігі емес, керісінше, қазақтың діннен алыстығы…

Қазақтың өзін «мұсылманмын» деуі мен «діншілдігі» арасы жер мен көктей.

Әрине, «мұсылман» сөзі құлаққа үйреншікті болған соң көп айтылады.

Әйтпесе, жұрт жаппай «таза мұсылман» емес.

Осы жағдайда ислам насихаты қазақтың «мұсылманмын» дегеніне тастай жабысты.

Дінді таратуды осыдан бастауды қолға алды…

Одан әрі ислам фундаментализмін ендіру көзделеді….

Бірақ, сол арада пайда бола кеткен, не жаңғырып үлгерген Тәңіршілік исламға бәрінен бетер қатты соққы беруде…

Болашақта қазақ:

  • не тәңірін қайта табады,
  • не исламмен астарласқан перифериялық діни формаға ие болады,
  • не ғылыми- технологиялық жолға түседі деп болжауға болады…

Бірақ, қалай болғанда да, қазақ дінсіз не құдайсыз қалмайды.

Себебі, тәңірлік дүниетанымдағы Тәңірлік ілімі мен қазіргі заманауи Ғылыми таным бір қатардағы құбылыстар болып шықты…

Бізді сол құтқарады.

Осы ерекшелігіміз бізді жаңа өркениет ошағын – Қазақ мемлекеттілігін өмірге әкелуге көмектеседі…

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Руханият, Сарапшылар ойы
Арман Ерғалиев 24.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда
  • «Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты
  • Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
  • Ерлі-зайыпты 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлдарын кездейсоқ қағып кетті
  • Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда

21.09.2023
Дін

«Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты

21.09.2023
Саясат

Олигархтарды үркіту: Тоқаевтың ойлағаны не?

20.09.2023
Экономика

Мәскеу биржасындағы теңгенің құбылуы

20.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?