Қазақстан билігі өз елінде күнін әрең көріп жүрсе де, әзірге тыныш жүрген таксистерге тиісейін деді. Таксистерге қойылатын талап қатаңдайды. Онлайн-платформа арқылы жұмыс істеп жүрген таксистердің қызметін заңдастырмақ.
ҚР ИИДМ ережеге өзгеріс енгізу жобасын дайындады, деп хабарлайды kolesa.kz. Жобаға сай, құжатта «таксимен тасымалдаушы — интернет-платформа және (немесе) платформаның мобильді қосымшасын пайдаланып қызмет көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жолаушылар мен жүкті таксимен тасу қызметін көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға» деп жазуды ұсынып отыр.
Егер өзгеріс қабылданса, мысалы, Яндекс Go қосымшасы арқылы жұмыс істейтін таксистер арнайы әкімдік реестріне тіркеліп, жұмыс барысында «Автомобиль көлігі туралы» заң талаптарын сақтауға міндетті болады. Атап айтқанда:
Алматы және елдегі өзге ірі қалалардағы көптеген такси бұл ереже енбей тұрып, бұрыннан арнайы белгі немесе схемалар тағып жүр. Бірақ ауысым алдында машинаны техбайқаудан, жүргізушіні медициналық тексерістен өткізу әдетке айналмағаны анық.
Таксистер жоғарыда аталған талаптарды сақтаған-сақтамағанын олармен жұмыс істейтін компанияның ақпарат-диспетчерлік қызметі бақылайды. Жүргізуші техникалық және медициналық тексерістен қалай өтетінін жобада нақты көрсетпепті. Елімізде WhatsApp-тағы фотоға қарап, машинаны техбайқаудан өткізіп жүргендер бар екенін ескерсек, жүргізушінің денсаулығын смартфон камерасы арқылы тексеретіндер де табылатын шығар.
Таксистер мен оларды бақылайтын қызметкерлерді кім қадағалайтыны да белгісіз. Полицейлер шығар. Бірақ олар елге ағылған шетелдік көліктерді бақылауда ұстай алмай, соңында жаппай заңдастырып жатыр.
Көлік комитеті бақылауға ала ма екен? Бірақ олар қалааралық бағыттағы заңсыз автобус жүргізушілерін тізгіндей алмай отыр. Демек таксистерге қатысты жаңа ереже қағаз жүзінде қалуы әбден мүмкін.
Таксистер кірісін бақылау, жүргізушілерге лицензия беру және т.б. ережелер ешқашан жүзеге асқан жоқ. Жергілікті атқарушы органдар тіпті әуежай мен вокзал маңындағы алаяқ таксистерге тоқтау сала алмай отыр.
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…