Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Заңгер қайтыс болған адамның несиесін кім төлеуі тиіс екенін айтты
01.06.2023
ҰБТ, үштік баға, интернет: қазіргі балаларды неден қорғауымыз керек? Психологпен сұхбат
01.06.2023
Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды
01.06.2023
Мүмкіндік жоқ деу ол жай сылтау: Блогер желіні тамсандырған курьерге мопед сыйлады
01.06.2023
Қазақстан банктерінен несие алатын шетелдіктердің саны артты
01.06.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақтың тойы қып-қызыл шығын
Қоғам

Қазақтың тойы қып-қызыл шығын

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 26.05.2023
Обновлено 26.05.2023 в 12:05
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Той – қай халықта да бар. Бетімізді ашып алайық, дәстүрге сіңген той-салтанатты қазақтан айырып алайын деп жатқан ешкім жоқ. Бірақ, проблема бар. Проблема – қып-қызыл шығында.

Ел ішінде болып жатқан оқиғаларға сергек қарайтын, әлеуметтік желілерде ойын бүкпей айтатын, университетте дәріс берген, салт-дәстүр мен тұрмыс-тіршіліктен хабары бар, заманауи ойлайтын тарихшы Айшуақ Дәрменұлының пікірін Қаржылық сауат телеграм арнасы тілге тиек етіпті.

Бала – үйленем, қыз – тұрмыс құрам десе, ішер асымызды жерге қоя, өре түргелетін елміз. Бәрімізді «баламның бір тойын жасап бере алмасам, жұрт не дейді» деген намыс қайрайды. Сол «намыстың» күшімен эмоцияға ерік беріп, банктен қалай шыққанымызды білмей қалып жатамыз. Ол кезде банктің кредит үстіне қосып беретін пайызы маңызды емес. Маңыздысы – банк берген ақшаның қолға тигені. Кімнен жасырамыз, көпшілік үшін қарызды еңсеру, қалай қайтарам деп ойлану – тойдан кейінгі шаруа. Тарихшы Айшуақ Дәрменұлы той үшін қарызға белшеден батып, өзіңе салмақ салу – жастарға да, отбасыға да обал дейді.

Осыдан 10-15 жыл бұрын әрбір аялдамада миллион теңгені 5 минутта таратып бере қоятын қызметтер болған. 28% жылдық өсіммен. Мысалы, сіз 1 млн теңге аласыз, оны 3-3,5 млн қылып қайтарасыз. Өте сұмдық нәрсе. Бұл қазақ баяғыда айтып кеткен «отауын сайламай, басқасын сайлады» деп. Сондықтан, бұл қаржылық сауат мәселесі тұрғысынан қарасаңыз, өте тиімсіз дүние.

Бауыржан Момышұлының баласы айтқан бір сөз бар еді: «Тұрмыс есіктен қарағанда, махаббат терезеден секіріп кетті ме, қалқам?» дейтін. Сондай бір тұрмыстың қыспағына ұшырап, ажырасып кеткен отбасыға айтқан әңгімесі еді. Сондықтан, бұл күлкі қылатын нәрсе емес. Асықпай ойланатын дүние.

Бізде халыққа кредит ұсынатын кім? Екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы ұйымдары. Олардың үстінен қадағалайтын реттеуші орган – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл тұрғыда не ойлайды? Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Сенат кулуарында журналистердің сұрағына былай деп жауап берген:

Несиенің қандай да бір түрін беруге тыйым сала алмаймыз. Заң бойынша несиелеудің нақты түрлерін шектеуге құқығымыз жоқ. Бұл – банктің ішкі саясаты және оған араласуға біздің құқығымыз жоқ.

Демек, қаржы ұйымдары, банктер тойға кредит беруге тыйым салуға әзір дайын емес.

Тойға шығын шығаруға шектеу қою немесе тыйым салу мәселесі – бұл проблеманың бергі жағы. Мұзтаудың төбесі дейміз бе. Ал, енді, оны тереңірек ойлап қарасаңыз, мүмкін, кейбір адамдар маусымдық жұмысын істейтін шығар, күздегі егіннің түсімінен үміт етіп отырған болар немесе бір жақтан кіретін табыс көзіне сеніп, кредит алатын шығар. Бірақ, жоспарсыз кредит алып той жасау, оңды-солды шашу – бұл дарақылық және жалған намыс. Енді әркімнің өз басы бар ғой. Қазір біреуге ақыл айтсаң, ауырып қалатын заман. Кейбір жағдайларды көріп жүрміз. Ұлан-асыр той жасайды, бір ай, екі айға жетпей, жастардың арасына жік түсіп жатады. Ол өте ауыр көрініс. Артында миллиондаған қарызы қалады, ортаға түскен шаңырақ қалады…

деді тарихшы Айшуақ Дәрменұлы.
Айшуақ Дәрменұлы

Жалпы, «банк», «кредит» деген ұғымдардан зұлымдық іздеудің қажеті жоқ. Бұл тек Қазақстанда ғана ойлап табылған «тұзақ» емес, өркениетті елдерде де бар дүние. Тек кредиттің бағасын білу маңызды. Әңгіме оның пайызына келіп тіреледі. Әр елде ол әртүрлі. Рас, бізде оның мөлшері көп. Бірақ оның да экономикалық тұрғыда өз себебі бар.

Байлар шаша берсін! Оңды-солды шашсын. Әркімнің өз еркі. Ешкім қолын қақпайды. Бірақ, «шықпа, жаным, шықпа» деп отырып, «қайыршыға жел де қарсы» деп өмірдің кез келген қысымына, тағдырдың кез келген шабуылына төтеп бере алмай, қалт-құлт етіп отырған адамдар байларға еріп, оңды-солды шашылып, өмір бойы қарыздың қамытын киіп жүрсе, ол қаншалықты дұрыс болар еді? Әңгіме осы туралы ғой?

Тойдың шығыны адам санына да байланысты екені рас.

Қазіргі қазақтың жап-жас қыздары мен жігіттерінің көзқарасына, өмірге деген ұстанымына таң қалатын кездер өте көп. Шетелде оқысын, Қазақстанда оқысын, алыс-жақынды көріп жүрген жастар бар. «Әке, ана, мынадай үлкен тойдың қажеті жоқ. Біз оның орнына әлемді айналып қыдырып қайтайық. Оданда ақшамызды ертеңгі бизнесімізге салайық. Өзіміздің ең жақын достарымыздың арасында ғана атап өтейік» деп әке-шешесінің 500 адам шақырам дегеніне қарсы болып, өздері кішкентай ғана той жасап жүрген отбасыларды білем. Миллиондап шығын шығаратын нәрсенің бәрін қысқартып тастайды. Әп-әдемі, құрқылтайдың ұясындай шап-шағын мейрамхананы немесе қала сыртындағы кафені таңдайды. Сосын 30-40 адамның басын қосып, есте қаларлық кеш жасайды. Адамдар бұған да тез үйренеді. Жақсы әдет те жұқпалы. Сондықтан, бұны да жарнамалай беру керек.

Мысалы, еврей халқында мынадай қағида бар: Кез келген қарапайым еврей зейнетке шыққанда оның жоқ дегенде бір дәріханасы, шаштаразы, дүкені болуы керек. Және оның үшеуінде де ол жұмыс істемейді, үшеуін де жалға беріп қояды. Тірі адам бар жерде шашын алдырады, адам бар жерде ауру-сырқау болады, адам бар жерде күнделікті ішіп-жемін, тағамын, азық-түлігін алады. Көрдіңіз бе, олардың бәрі – адам бар жерде тоқтамайтын бизнес. Күнделікті қажет, күнделікті керек нәрселер. Үйренеріміз бар. Ал, қаланың жағдайында бір жалақыға қарап отырған тіптен қиын. Көрпеңе қарай көсіл дегенді көп адам түсінбейді. Қаржылық сауат мәселесі де талай айтылып жүр ғой. Сондықтан, тойды кредитке жасап, оңды-солды шашуды қойған дұрыс болар-ау.

Тойға кредит беруге тыйым салу керек деген мәселеге сіз қалай қарайсыз?

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Сая Манарбековна 26.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Заңгер қайтыс болған адамның несиесін кім төлеуі тиіс екенін айтты
  • ҰБТ, үштік баға, интернет: қазіргі балаларды неден қорғауымыз керек? Психологпен сұхбат
  • Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды
  • Мүмкіндік жоқ деу ол жай сылтау: Блогер желіні тамсандырған курьерге мопед сыйлады
  • Қазақстан банктерінен несие алатын шетелдіктердің саны артты

Недавние комментарии

  1. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз
  2. Эльмира к Алматы қоқыс жәшігіне айналды
  3. Қайрат к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз
  4. Арай к Алматының кинорумында 20 жасар қыз зорланды
  5. Салтанат к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?

Вам также может понравиться

Қоғам

Заңгер қайтыс болған адамның несиесін кім төлеуі тиіс екенін айтты

01.06.2023
Білім

ҰБТ, үштік баға, интернет: қазіргі балаларды неден қорғауымыз керек? Психологпен сұхбат

01.06.2023
Оқиға

Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

01.06.2023
Әлеуметтік желіге шолу

Мүмкіндік жоқ деу ол жай сылтау: Блогер желіні тамсандырған курьерге мопед сыйлады

01.06.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?