Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
26.09.2023
Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
26.09.2023
Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
26.09.2023
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
26.09.2023
Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
25.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейін басына орамал салмаған
Дін

Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейін басына орамал салмаған

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 18.09.2023
Обновлено 18.09.2023 в 11:09
Поделиться
Фото: Bugin.kz
Поделиться

Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова «Ұрпақтар үні» атты кездесуінде сөйлеген сөзінде мектепке хиджаб киіп келу мәселесі жайында өз ойын білдірді.

Әсіре діншілдер қазақтың тыныштығын бұзып, тұтастығына кедергі келтіру үшін әдейі қоздырып жүр. Әйтпесе сол орамалды соншалық сөз қылатын ештеңе жоқ.

Ата-бабамызда хиджаб деген болмаған. Осы отыз жылда сырттан келді.

Қазақтың қыздары бұрын күйеуге тигенге дейін басына орамал салмаған. Үкілі тақия, құндыз бөрік, моншақты қасаба, шашақты сораба киді. Бірінен-бірі өтетін әдемі бас киімдеріміз болды. Сол бас киімдер әдемі болып тұруы үшін қазақ қыздары шаш күтіміне көп көңіл бөлді.

Қарашаш, Сүмбілшаш, Қолаңшаш, Алтыншаш деп қаншама ақын қыздардың шашын өлеңге қосты. Сол шашқа тағатын қаншама әшекей бұйымымыз бар. Енді соның бәрін жерге көмуіміз керек пе?!

Некесін қиғаннан кейін бірнеше күн сәукеле киеді. Сәукеленің артында таза матадан жасалған «желек» деген жабуы болады. Беташарда бетін жауып тұратыны сол. Содан кейін келіншек бір жыл бойы желекті салып жүреді. «Желегі түспеген жас келін» дейтін сөз содан қалған. Бір жылдан кейін, енесі нағыз келін болды деп, төңіректегі әйелдерді шақырып, кимешек кигізеді. Қазақ әйелдерінің кимешегіндей әдемі киім жоқ шығар. Ол тіпті ұсқыны келіспеген әйелдердің өзін әдемі етіп көрсетеді. Ойлап қараңыз, бір ғана қыздың басына тағатын әшекейдің түрлі атауы бар. Сондай сұлулықтың бәрін қара орамалдың астына көму керек пе?

Қара орамалды күйеуі өлген әйелдер салған. «Абай жолы» романында да  бұл туралы жазылған.  Мұсылман болу үшін араб болудың керегі жоқ. Ол жақ құмды жер, өте ыстық, боран. Соған байланысты киім киістері де өзгеше. Еркегі де, әйелі де киініп, кейін ол дәстүрге айналған. Ал енді ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрдің орнына алыстағы өзге ұлттың дүниесін қазаққа жапсырудың не қажеті бар? Осы уақытқа дейін болмаған нәрсені аяқ асты әкелу әсіре діншілдердің әрекеті.

Bugin.kz сайтына берген сұқбатынан үзінді.

Зейнеп Ахметова — Бауыржан Момышұлының келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Бауыржан атамыздың бастан кешкендері жайлы қалам тербеп, кітап жазды. «Шуақты күндер», «Бауыржан батыр», «Бабалар аманаты», «Әзіліңді сағындық» және бала тәрбиесіне арналған «Күретамыр» кітаптарының авторы.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Главное, Қазақстан, Руханият
Сая Манарбековна 18.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
  • Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
  • Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
  • Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
  • Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді

26.09.2023
РуханиятДін

Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы

26.09.2023
ЖемқорлықОқиға

Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды

26.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады

26.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?