Айтыскер ақын, медиаменеджер Мұхамеджан Тазабеков қыз-келіншектерге арналған «Еркем, өмірің болсын көркем» тақырыбымен онлайн-семинар өткізбек.
Бұл туралы айтыскер өз парақшасында жариялады. Семинар барысында қыз баланың қарым-қатынасынан бастап тұрмыс құру, ене мәселесі, ажырасудың алдын алу туралы тақырыптар қамтылған. Семинар құны — 10 мың теңге.
Қыздың жүрегі — құс қанатынан нәзік, қыз сыры — теңіз суынан терең, қыз уайымы — бұлттан ауыр…
Бір қыздың бақытты болуына себеп бола алсақ, уақытымыздың бекер кетпегені, қазақ қыздарына қамқор болып жүре алсақ, өміріміздің бекер өтпегені!
деп жазған Мұхамеджан Тазабеков семинар туралы Instagram жазбасында.
Алайда «Қыз және орта», «Қыз және қазіргі заман», «Қыз және қайынжұрт» тақырыпшаларына бөлінген семинар желі оқырмандары арасында қызу талқыға түсуде.
«Бұл өзі шетелде жүр емес пе?», «Аңқау елге, арамза молда», «Шынымен осындай семинар өтіп жүрсе, ұят екен»
деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.