«Қазпошта» техникалық жұмысын аяқтап, қазір қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Қызметтердің сапасын арттыру үшін істелген техникалық жұмыс сәтті өтті. “Казпоштаның” барлық ақпарат жүйесі, сондай-ақ қаржылық және пошталық қызметі қазір қалыпты,
делінген хабарламада.
Еске салайық, 28 тамыз бен 31 тамыз аралығында «Қазпошта» филиалдарында, постаматтар мен терминалдарда пошта және қаржылық қызметтердің барлық түрі уақытша тоқтаған еді.