Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы төмендегенін айтып халықты қуантты. Үш аптадан бері бағалар түсіп жатыр екен.
6 түрлі өнім екен:
- қарақұмық-1,3%
- картоп – 0,7%
- пияз – 0,3%
- қант – 0,8%
Одан бөлек сәбіз бен қырыққабат та арзандапты. Ал 3 өңірде (Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары) күнбағыс майының бағасы төмендепті: 1,1%.