Соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға, жылдық мәнде 10,5%-ға өсті.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 тауар түрі бар.
Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша тізімдегі кейбір тауарлардың орташа бағасы келесідей болды:
- күнбағыс майы — 860 тг/л;
- сәбіз – 152 теңге/кг;
- қарақұмық – 413 теңге/кг.
Сонымен қатар, сүт, айран, сары май, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күріш, сиыр етінің бағасы сәл көтерілді.