Отандық танымал блогер Әсел Асқар әнші ағасы Бүркітпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Бұл туралы Oinet.kz сайты жазды.
Әсел Асқардың айтуынша, ол ағасы Бүркітті Instagram желісінде бұғаттап тастаған. Себебі, туысқан ағасы қыздың ашық образдарына наразылығын жиі білдіретін болған.
Ағаммен араласамын, әрине. Біздің арамызда қызық оқиға орын алды. Ағаларым мықты ғой. Олар нағыз ер азамат. Олардың айтқаны заң болу керек. Бірақ мен де оңып тұрғам жоқ. 2018-2019 жылы менде үлкен өзгерістер болды. Қазақи отбасында тыйым салынған заттарды көрсете бастадым. Ашық образдағы суреттерім шыға бастады. Сырт келбетімде де, ішкі жан дүниемде де өзгеріс болды. Жеке өмірім пайда болды. Барлығы ағаларымның бақылауынан шыға бастады. Бүркіт ағам осыған қатысты маған наразылығын айтты. Мен толассыз ұрыс-керіс пен келіспеушіліктен шаршап кеттім. Оған қоса ағамның таныстары жағдайды одан бетер ушықтырды. Арамыз бұзылды. Бұл мәселені шешу үшін мен оны бұғаттап тастадым. Менің «ашық фотоларымның» астына оны белгілемесін деп өшірдім,
деп ағынан жарылды актриса.
Алайда кейіннен блогер ару ағасымен арақатынасы түзелген, алайда екеуі де Instagram желісінде бір-бірін оқымайды.
Ол енді маған жазылмайтынын айтты. Мен де оған жазылмадым. Солай өмір сүріп жатырмыз. Бір-бірімізге қонаққа барып тұрамыз, бетімізден сүйіп тұрамыз, алаңдаймыз, ата-апа жайлы сөйлесеміз. Бізде бәрі жақсы. Оның өз өмірі, менің өз өмірім бар. Ол менің үлкен қыз болғанымды қабылдады,
деп жазды ол.