Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақша фильмді ешкім көрмейді деген рас па?
28.09.2023
Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды
28.09.2023
Қазан айындағы мерекеде 34 500 кімдерге беріледі?
28.09.2023
Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді
28.09.2023
Ташкент әуежайында жойқын жарылыс болды
28.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Бүгін – Қадір түні
Дін

Бүгін – Қадір түні

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 17.04.2023
Обновлено 17.04.2023 в 11:04
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қадір түні – мұсылмандар үшін маңызды әрі қасиетті кезеңдердің бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құранда Қадір түнінің нақты уақыты айтылмайды, әл-Бұхари хадисінде Рамазан айының соңғы 10 күніндегі тақ түндердің бірі екені айтылған. Көпшілігі мұны Оразаның 27-ші түні деп санайды.

Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Құран Кәрімде «Қадір» сүресі бар. Осының өзі-ақ бұл түннің аса ардақты екенінен хабар береді,

деп жазылған ҚМДБ сайтында.

«Қадір» – араб сөзі. Тілдік мағынасы қадірлі, қасиетті, өлшеммен бекітілген, артық-кемі жоқ, дұрыс деген мағыналарға саяды. Ал шариғи терминдік мағынасына «бір жылда болатын істерді белгілеп, соның жазылуына Алла Тағаланың үкім беретін түні деп анықтама берілген.

Қадір түнінің бірнеше белгісі бар. Ғұламалардың айтуынша, Қадір түнінің белгілері екі топқа бөлінеді. Біріншісі, уақытында (яғни сол түні) білінетін белгілер. Оған сол түннің ашық, ай сәулесінің жарық болуы; жүректің тыныштығы, уайым-қайғыға берілмей тыныштықты сезінуі; адамға жағымды самал желдің есуі; суық та, ыстық та емес қолайлы ауа райының болуы жатады. Екіншісі – таң атқанда білінетін белгі. Бұған күннің сәулесіз қызарып шығуы жатады.

Қадір түнінде құлшылықтарды көбейтуге, Құранды көбірек оқуға, дұға-тілектер жасауға кеңес беріледі.

Айта кетейік, биылғы Рамазан айы 23 наурызда басталды. 21 сәуірде мұсылмандар Ораза Айт мерекесін атап өтеді. Бұл даталарды Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен кеңесіп, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып белгілеген.

Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 17.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақша фильмді ешкім көрмейді деген рас па?
  • Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды
  • Қазан айындағы мерекеде 34 500 кімдерге беріледі?
  • Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді
  • Ташкент әуежайында жойқын жарылыс болды

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Руханият

Қазақша фильмді ешкім көрмейді деген рас па?

28.09.2023
Атақ және ақшаСпорт

Азия ойындарында еліміздің жаттықтырушысы масқара болды

28.09.2023
Экономика

Қазан айындағы мерекеде 34 500 кімдерге беріледі?

28.09.2023
ҚоғамДін

Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді

28.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?