Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қасіретті қаңтар. Бүгін 1 жыл
Қоғам

Қасіретті қаңтар. Бүгін 1 жыл

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 04.01.2023
Обновлено 05.01.2023 в 05:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Былтыр 4-қаңтар күні қазақ қоғамын дүр сілкіндірген, қара жамылдырып, билікке сынақ болған айрықша жағдай орын алды. Тәуелсіздік бесігі саналатын Алматы қаласы шаһар тарихында болмаған бүліншіліктің астында қалды.

Құрбан болған бейкүнә сәбилер, баласынан айырылған аналар, әкесінен айырылған балалар. Халықтың үнін билікке жеткіземіз деп бейбіт шеруге шыққан жандардың оққа ұшуы, тергеуге алынып, қамалып, бетіне үтік басылып, азапталуы…

Наразылық Жаңаөзеннен басталып, кейін бірнеше аймақта жалғасын тапты. Ең сорақысы — шеру Алматыда да орын алып, қала түгелдей қара жамылды. Қала қирады, әкімдік ғимараты өртенді, дүкендер тоналды.

Наразылық шеруі 1-қаңтардан басталып, 4-қаңтар күні нағыз шиелініске айналды. Бүкіл Қазақстан бойынша митингілерге қатысушылар саны күрт артып, 37 мыңға жетті. Атырау облысында Теңізшевройл компаниясының жұмысшылары жұмысын доғарып, өнім шетелге әкетілмеуі үшін автотрасса мен теміржолды жапты.

Атырау, Ақтөбе облыстарында өзге кен орындарын да ереуілдер толқыны басты. Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлары, металлургтар, Жезқазғандағы «Қазақмыс» кеншілері, мыс балқытушылар ереуілдерін бастады.

4–5 қаңтарда отандық өндіріс ошақтары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, түсті, қара металлургия өндірісінің беткеұстар ошақтарын наразылық шаралары жайлады. Нәтижесінде Жаңаөзенде басталған наразылықтан соң, газ бағасы 50 теңгеге түсті.

Бірқатар билік өкілдері қызметінен босатылып, кейбірінің үстінен осы уақытқа дейін қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұрынғы Президенттің заңсыз байыған бірқатар туысқандары, достары қамауға алынды, алды сотталды.

Ал жаңа Президенттің жақын туыстарына жоғары лауазымдарды иеленуге тыйым салынды. Оның да билікті жеке-дара иеленуіне тосқауыл қойылды. Қаңтар оқиғасы орны толмас қазаға алып келді. 235-ке жуық адам қаза тауып, 1 249 тұлға сотталды.

Қаңтар оқиғасының бір жылдығына байланысты 5 қаңтарда «Qazaqstan» телеарнасынан ұзақтығы 30 минуттық «Куәгер» деректі фильмі эфирге шығады. Фильмде Қаңтар оқиғасын көзімен көрген, арасында болған куәгерлердің оқиғасы баяндалады.

5 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасының хроникасына құрылған, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сол сәттегі шешімдері мен үндеулері туралы «Қаралы қаңтар» деректі фильмі көрсетіледі.

6 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, рақымшылыққа іліккендер туралы «Кешірім» деректі фильмі эфирге шығады. Жобада амнистия аясында атқарылған жұмыстар кеңінен көрсетіледі. Бас прокуратура, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері, заңгерлер, рақымшылық берілген азаматтардың сұхбаты беріледі.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 04.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?