17 қазанда Хельсинкиде футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы өтеді. Финляндия өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдайды.
Матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 22:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Кездесуде босниялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Бас төреші — Ирфан Пельто, оған Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо көмекшілік жасайды.
Төртінші төреші — Милош Гигович.
Жеті ойыннан кейін Қазақстан мен Финляндия құрамаларында 12 ұпайдан бар. Финляндия үшінші орында тұрса, Қазақстан төртінші қатарда келе жатыр (финляндиялықтар қосымша көрсеткіштің арқасында бізден алда). Еуро-2024 кейінгі іріктеу матчында Қазақстан сырт алаңда Дания құрамасына есе жіберді – 1:3, ал Финляндияны сырт алаңда Словения ойыншылары ойсырата жеңді – 0:3.
Дания құрамасынан антропометриялық көрсеткіштер бойынша ұтылдық дейді, футбол сарапшылары. Бүгінгі ойыннан не күтеміз?