Биыл Қазақстанда алғаш рет Ұстаздар күні 5 қазанда тойланып жатыр.
Бұған дейін кәсіби мереке дәстүрлі түрде қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін. Бұл мереке Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендіріліп, биыл алғаш рет 5 қазанға бекітілді.
Бүгінде Қазақстан мектептерінде 340 958 мұғалім, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 36 315 мұғалім жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер саны — 97 188.
Қазақстанда мұғалімдер қанша жалақы алады?
Бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың мәліметінше, 2022 жылы мұғалімнің орташа жалақысы 343 мың теңгені құрады. Бұл ретте ел бойынша орташа жалақы — 312 мың теңге, ЕТЖ — 60 мың теңге (2022 жыл) және 70 мың теңге (2023 жыл).
ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылдың III тоқсанында орташа айлық жалақы 299 782 теңгені құрады. «Мұғалімдердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан жоғары болуы керек деген бұл президент қойған міндет еді», — деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.
Салыстыру үшін: 2019 жылы мұғалімнің орташа жалақысы 168 мың теңге — ел бойынша орташа жалақыдан әлдеқайда төмен болды — 115 мың теңге.