Бүгін Қырғызстанда аза тұту күні

Қырғызстанда Тәжікстанның қарумен басып кіруі кезінде азаматтардың қаза болуына байланысты 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы АКИpress хабарлады.

Ұлттық аза тұту күнінде елдің барлық аумағында, шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелер ғимаратында Қырғызстан Республикасының мемлекеттік туы төмен түсіріледі.

Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық шаралары мен хабар таратудан бас тартуға кеңес беріледі.

18 қыркүйек күнгі сағат 22:00-дегі шұғыл мәлімет бойынша, қаза болғандардың жалпы саны — 59 адам, оның ішінде балалар да бар. Зардап шеккендер саны – 144 адам. Бірқатар жаралы адам операция жасау үшін Бішкекке жеткізілді.

Қайтыс болғандардың алдын ала тізімін мына жерден көруге болады.

14 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында екі ел шекарашылары арасында қақтығыс басталды. 17 қыркүйекке дейін жағдай шиеленісіп тұрды. Тәжік тарапы шекара сызығында толық атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, атқылауды тоқтатпады.

136 мың 770 қырғыз азаматы үйін тастап қашуға мәжбүр болды. Олар эвакуацияланды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago