Өтінімдер Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де ресми сайты арқылы қабылдану керек еді. Алайда, autonesie.kz пилоттық платформасы 5 минуттан кейін істен шықты. Өтінімдер қабылданды ма, жоқ па белгісіз.
Пилоттық платформа бағдарлама бойынша бір уақытта ақшаның да, автокөліктің де болуын қамтамасыз ету үшін, барлық процестің ашық болуы үшін әзірленген. Сайтта өтінім берген кезден бастап автокөлікті алғанға дейін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беруі керек еді.
Бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалған:
- 1 автокөлік құны – 15 миллион теңгеден аспайды;
- қаржыландыру сомасы – 10 миллион теңгеден артық емес;
- қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
- бастапқы жарна – 0%;
- сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%.
Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 2 ай ішінде автокөлікті жеткізіп беруі тиіс.