«Бәйтерек» холдингі мен СБЕР Сбербанк Қазақстанды сатып алу-сату мәмілесін аяқтады. Бұл туралы холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажет реттеушілік мақұлдаулардан өтті.
Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемені ары қарай да орындай береді. Бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалады.
«Бәйтерек» холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді. Сбербанк Қазақстанның заманауи инфрақұрылымы мен технологиялары ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға және қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді,
Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақында Сбербанк Қазақстанға ребрендинг жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингі банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және банктің бұрынғы, сондай-ақ жаңа клиенттеріне арналған банк қызметтерін дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.