Америкалық миллиардер ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол клубын сатып алатыны туралы өзінің парақшасында жазған еді. Артынша бұл тек әзіл, ешқандай клубты сатып алмаймын деген хабарламасы шықты.

«Манчестер Юнайтед» – Үлкен Манчестер графтығына кіретін Стретфорд қаласының ағылшын кәсiби футбол клубы. 1878 жылы алғаш құрылған кезінде атауы «Ньютон Хит (Ланкашир энд Йоркшир Рейлуэй)» болған, кейінірек 1902 жылы «Манчестер Юнайтед»-ке өзгерді. 1992 жылғы ағылшын Премьер-лигасының негізін салған клубтардың бірі. «Манчестер Юнайтед» қазіргі кездегі әлемнің ең табысты футбол клубтарының үштігіне кiреді.