Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда азаматтық некеге оң қарайтындар саны көбейді
01.02.2023
Жеңілдетілген автонесие кімдерге берілмеуі мүмкін?
01.02.2023
Абрамович «Челси» ФК сатудан түскен 2,3 миллиард фунт стерлингті Украинаға бермекші
01.02.2023
«Болашақ» стипендиясы иегерлеріне қатысты ережерлерге қандай өзгеріс енгізілді?
01.02.2023
Есірткі саудалаған тағы бір қылмыстық топ ұсталды
01.02.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > «Пәтуаға араласпасын»: Нұрлан имам Қазнеттің талқысына түсті
Әлеуметтік желіге шолу

«Пәтуаға араласпасын»: Нұрлан имам Қазнеттің талқысына түсті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 27.12.2022
Обновлено 27.12.2022 в 10:12
Поделиться
Поделиться

Соңғы кездері хит болған Нұрлан имам ел аузында. Дінді қазақы салт-дәстүрмен ұштастыра насихаттап жүрген имамның аты қазір барлық әлеуметтік желілерде аталып жүр. Оның діни сұрақтарға жауап берген видеолары миллиондаған қаралым жинап, Нұрлан имам атақты интервьюерлерге жиі сұхбат беруде. Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрлан имамның феноменін өздерінше тәпсірлеп жүр.

Атап айтсақ, журналист Нұрмұхамед Байғараевтың пікірінше, Нұрлан имамның бір еңбегі — ислам, ең алдымен, махаббат, жанашырлық, өзара қолдау діні екенін қоғамның қайта есіне салып жүргенінде. Онлайн сұрақ қойған танымайтын кісілерге “жаным, күнім” деп “дінді жақындатты”. Жылы сөз жан емдейтінін көрсетті. Ұлттық ұғымды ескере сөйлейді, дейді журналист.

Әйтпесе, соңғы жылдары тыйымдар мен рұқсаттар жиынтығы көбейіп, дін ақпараттық алаңда қалың мал, жаңа жыл, сақалды бақылап, қадағалайтын регуляторға айналып кеткендей көрінетін маған.

Бұл кісінің кемі он шақты жерде сұхбат бергенін байқадым. Яғни, әлеуметтік желі, тикток қоғам пікірін қалыптастырушы платформа деген ұғым орнықты. Сайт не телеарна емес,

дейді ол.

Ал, жазушы Бейбіт Сарыбай имамның тосын ой, тосын сөзіне қызығып, көп сөйлетіп, жұртты жалықтырып алмасақ екен деп тілейді.

Асқар Жұмаділдаев, Ермек Тұрсыновтардың да ерекше сөзі үшін сөйлете бергіміз келеді ғой. Сөйлете бердік. Сөйтіп ақыр аяғында ол кісілерді де өзін-өзі қайталауына әкелдік. Бұ кісіні де сөйтеміз-ау. Үнемдеп пайдаланайық та. Оның үстіне көп сөздің ішінде от сөз, оқ сөздің арасында байқаусызда боқ сөз де кетіп қалады. Көп сөйлетпейік, орнымен сөйлетейік. Бұ кісінің қазақылығы ұнайды. Және кей кездері шариғатпен ғана емес, ар, ұят деген нәрселермен де ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтып бере алады. Бұған дейінгі имамдар трибунада тұрып, биіктен сөйлейтін. Мына кісі өзіңнің бауырыңдай бауырына тартып сөйлейді. Сонысымен өтімді. Бұ кісі дінді жеңілдетіп жүрген жоқ, бұрынғылар ауырлатып жіберген екен ғой. Әйтпесе, екі құран жоқ қой,

дейді Бейбіт Сарыбай.

Журналист Құрманәлі Қалмахан басқа имамдар да Нұрлан имамнан үлгі алып, діни уағыз айтуымен шектелмей, азаматтарға әлеуметтік-психологиялық консультация берсе қоғамға жақындай түсер еді дейді. Себебі, Құран аяттары мен хадиске қатысты уағыздар әлеуметтік желіде өте көп шығады. Ал, оны тәпсірлеп, елге өз тілінде жеткізетін ұстаздардың қоғаммен байланысы аз дей келе, ол өз басынан өткен жағдаймен бөлісті.

10 шақты жыл бұрын бір түрік компаниясында жұмыс істегем. Ұжымда рухани таза жандар көп болды. Бірде ақша керек болып, кредит алсам қалай? Баспана алсам деп отырым дегем ғой. Басекең дінде кредитке қатысты ауыр үкім бар. Бірақ, мұқтаждық болса ала бер деген «пәтуә» берді. Сонымен, алдым. Мына, Нұрлан имам да солай деп отыр. Негізінен имамдар бұл мәселенің әлеуметтік-экономикалық жағына ерекше мән береді. Ислам дінін жаңа стилде, жаңа өмірге сай түсіндіретін адамдар расында керек-ақ,

дейді журналист.

Алайда Нұрлан Имамның дін бойынша консультациялық дәрістері көбіне дәлелсіз және пәтуа шығаруға ол кісінің құқығы жоқ деп дінтанушылар айтып жүр. Әсіресе имамның «ипотекаға пәтер ала бер» деп пәтуа айтуы дінтанушылардың ашуын тудырды.

Солардың бірі — белгілі дінтанушы Қабылбек Жұмабеков. Айтуынша, имам насихатын айтуы керек, жағдайға қарай пәтуа шығару ғұламалардың ісі.

Дінтанушы Нұрлан имамның қате жеткізген ақпараттары өте көп екенін айтып, мысал келтірді.

«Қыз бала ажырасқаннан соң екінші адамға тұрмысқа шыға беруіне бола ма?» деген сұраққа «Өзі «айырылысты» деп аты айтып тұр ғой. Шыға берсін. Күйеуің жаман ойлап қалмас үшін бір етеккірің кеткенше күте тұр» деп жауап берген. Шариғат бойынша олай емес. Бір талақ бергеннен кейінгі уақыт «қайтарып алу» кезеңінде деп есептеледі. Күйеуі 3 айға дейін (3 етеккірі тазарғанға дейін) қайтарып ала алады. Бірақ, бір талақ түскен болып есептеледі. Болашақта да ашуға беріліп, тағы да талақ айтса, ол кезде де процесс осылай жүреді. Үшінші талақ кезінде де 3 ай күтіледі. Әйел кісі 3 етеккірін күту керек. Содан кейін ғана «басы бос» болып есептеледі. Егер келіншектің аяғы ауыр болса, бала босанғанға дейін оған ешкім сөз айта алмайды, ешкімге тұрмысқа шыға алмайды. Шариғат бойынша осы сынды дүниелер бар.

Ол әркім айта беретін мәселе емес. Ол біреудің тағдыры. Оны өте жеңіл етіп, әрі өте қатты айтқан жерлерін айтып отырмын. Ол кісі өкінішке орай осындай көп өрескел қателіктерді жіберіп жатыр”,

деді дінтанушы. 

Сондай-ақ «Ол кісі имам болса, уағызын айтуы керек. Бірақ пәтуа мәселесіне кірісуге болмайды», – деді Қабылбек Әліпбайұлы. 

Ал Нұрлан имамның өзі күнде таңертең тікелей эфирге шығып, халықтың «Күніне 100 мың теңге жаудыратын дұға бар ма?» деген сынды сұрақтарына жауап беруін жалғастырып жүр.

ТЕГи: Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 27.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда азаматтық некеге оң қарайтындар саны көбейді
  • Жеңілдетілген автонесие кімдерге берілмеуі мүмкін?
  • Абрамович «Челси» ФК сатудан түскен 2,3 миллиард фунт стерлингті Украинаға бермекші
  • «Болашақ» стипендиясы иегерлеріне қатысты ережерлерге қандай өзгеріс енгізілді?
  • Есірткі саудалаған тағы бір қылмыстық топ ұсталды

Недавние комментарии

  1. Жұбаныш Айтжанов к О, тоба! Қазақтың билігі шпиондардың қолында ма?

Вам также может понравиться

Шетел басылымына шолу

Абрамович «Челси» ФК сатудан түскен 2,3 миллиард фунт стерлингті Украинаға бермекші

01.02.2023
Саясат

Болашақ Африкада! Ресей пропагандасы қуып кетті

01.02.2023
Қоғам

Сұлулық салондардың ақ-қарасын қалай ажыратамыз

01.02.2023
Оқиға

Анасы 600 мың теңгеге «сатқан» 15 жасар қыздың оқиғасы: әкесі жаңа мәліметтер айтты

01.02.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?