2016 жылдың 10 маусымында Баян Алагөзова да сол кездегі заңды күйеуі Бақытбек Есентаевтан таяқ жеп, пышақ жарақатын алған еді. Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылғанымен, 6 жыл 1 айдан кейін бостандыққа шықты.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықты айыптайтын жазбалар көбейді. Бұл жолы танымал продюсер Баян Алагөзова да үнсіз қалмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Елімізде отбасының екеуінде әйелдер зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады. Мұны қалыпты жағдай деп санайды, өйткені өздері сондай отбасыда тәрбиеленген. Бұл – модель. Бізде бәрі «ойбай, ұят болады, бұл отбасылық мәселе, араласпаңдар» деп жатады.
Бұл жеке мәселе емес, бұл – ұлттық трагедия. Сондықтан мұндай жағдайларды айтуымыз керек,
дейді Баян Алагөзова.
Еркектікі әрқашан дұрыс деген оқырмандардың пікіріне жауабы:
90 пайыз еркектерден тұратын Парламентте әйел тарапына ешқандай әділдік болмайды. Біз патриархалдық қоғамда өмір сүріп жатырмыз, онда ер адамның айтқаны әрқашан дұрыс, ал әйелдікі қате,
деді продюсер.