Өткенде ресейлік бір топ әйел соғысқа барып өлген ұлдары мен күйеулерінің орнына сыйлыққа тон алғанын айтып мақтанып тұр еді.
Көрген шығарсыз.
Сөйтсек, сол видеоны түсіріп бола салысымен әлгі әйелдер әлгі тондарды қайтарып беруге мәжбүр болыпты.
Сыйлыққа бергендей болып, камераға сөйлетіп болған соң тартып алыпты.
- Балалары мен күйеулерінің басын жұтқаны үшін билікке үндемеген әйелдер тонымызды қайтарсын деп шулап жатыр.
- Енді бір жерде ене мен келін соттасып жүр. Соғыста өлген ұлы/күйеуі үшін өтемақыға берілген «Лада Гранта» көлігіне таласып қалған екен.
Қу дүние-ай.
Не дейміз, қайтсін енді?!
Херсонның шуба дүкенінен ұрланған тондар екен иесі ютубтан көріп таныған
Алжу процессі