Дүниежүзіндегі балалар ұлтына, тіліне және дініне байланысты нәсілшілдік пен кемсітушілікке ұшырайды. Ал бұл мәселе кедейлік пен теңсіздіктің өсуіне әкеледі. Бұл туралы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) баяндамасында айтылған.
Жүйелі расизм мен дискриминация салдарынан балалар оқшауланып қалып жатыр. Сол себепті әр баланың құқығын қорғау – ол кім болса да, қайдан келсе де барлығы үшін гүлденген және әділетті әлем құрудың ең сенімді жолы,
ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел.
ЮНИСЕФ баяндамасы жыл сайын 20 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай дайындалады. 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары туралы декларацияны, ал 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.
Баяндама авторлары нәсілшілдік пен кемсітушілік балалардың денсаулығына зиянын беретінін, білім алуына, әділ және тең сот төрелігі жүйесіне қол жеткізуді шектейтінін атап өтті.
ЮНИСЕФ демеушілігімен жүргізілген зерттеу табысы төмен және орташа 22 елдегі маргиналданған этникалық, тілдік және діни ортадан шыққан балалардың оқу дағдылары бойынша құрдастарынан әлдеқайда артта қалғанын көрсетті.
ЮНИСЕФ-тің жаңа есебінде балалар мен жастарға қатысты күнделікті кемсітушіліктің көбірек мысалдары келтірілген.
ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел барлық елдегі, қауымдастықтардағы, мектептердегі, үйдегі балаларға қатысты кемсітушілікке қарсы күреске қосылуға шақырды.
Дүниежүзілік балаларды қорғау күнінде және басқа күнде әрбір бала қорғалуға және өз әлеуетін толық ашуға құқылы,
деді Рассел.