2 миллионнан астам азамат 10 соттық жер ала алмай телміріп жүргенде, Болат Назарбаевтың 244 гектар тұратын 59 жер телімі бар болып шықты. Бұл ақпарат кездейсоқ па, әлде әдейі ме, әйтеуір Ерлан Саировтың Facebook парақшасында пайда болды.
Ерлан Саиров — парламент депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі. Ол өткендегі «ығай мен сығайлардың» жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуды алға тартты.
Белгілі болғандай, Болат Назарбаев кезінде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларынан коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімін алған екен. Барлығы сол кісінің фамилиясына берілген. Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген долларға бағаланады.
Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда?
деп ызаланды депутат.
Ал, цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2 миллионнан астам азамат 10 соттық жерге жете алмай жүр.
Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады
Саиров партиялық Кеңес аппаратына осы мәселені тезірек қолға алуын тапсырды. «Жер-Аманат» комиссиясын да іске қосты. Көпшілікке айтылған соң, тезірек қимылдау керек сияқты. Халық енді бір нәтиже күтетін болады. Ол анық!
Көпшілік қолдайтындардың қатарынан екен:
Өте дұрыс! Қолдаймыз! Жемқорлықпен күресте сылбырлық танытуға болмайды, ол мемлекетіміз үшін, Тəуелсіздігіміз үшін өте қауіпті!
Сол жерлерді бергендер де жауапқа тартылсын!
Қорықпай бастаңыздар, халық болып қолдаймыз! Түйені түгімен жұтатын жемқорлардан шаршадық! Бір жұдырықтай бірігіп әділдік орнатуымыз керек, балаларымыздың жарқын болашағы үшін!