Бұраудың сұрауы бар: Ығай мен сығайдың жемқорлығы

2 миллионнан астам азамат 10 соттық жер ала алмай телміріп жүргенде, Болат Назарбаевтың 244 гектар тұратын 59  жер телімі бар болып шықты. Бұл ақпарат кездейсоқ па, әлде әдейі ме, әйтеуір Ерлан Саировтың Facebook парақшасында пайда болды.

Ерлан Саиров — парламент депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі. Ол өткендегі «ығай мен сығайлардың» жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуды алға тартты.

Белгілі болғандай, Болат Назарбаев кезінде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы,  Нұр-Сұлтан қалаларынан коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімін алған екен. Барлығы сол кісінің фамилиясына берілген. Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген долларға бағаланады.

Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда?

деп ызаланды депутат.

Ал, цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2 миллионнан астам азамат 10 соттық жерге жете алмай жүр.

Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады

Саиров партиялық Кеңес аппаратына осы мәселені тезірек қолға алуын тапсырды. «Жер-Аманат» комиссиясын да іске қосты. Көпшілікке айтылған соң, тезірек қимылдау керек сияқты. Халық енді бір нәтиже күтетін болады. Ол анық!

Көпшілік қолдайтындардың қатарынан екен:

Өте дұрыс! Қолдаймыз! Жемқорлықпен күресте сылбырлық танытуға болмайды, ол мемлекетіміз үшін, Тəуелсіздігіміз үшін өте қауіпті!

Сол жерлерді бергендер де жауапқа тартылсын!

Қорықпай бастаңыздар, халық болып қолдаймыз! Түйені түгімен жұтатын жемқорлардан шаршадық! Бір жұдырықтай бірігіп әділдік орнатуымыз керек, балаларымыздың жарқын болашағы үшін!

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago