2023 жылы АЕК мен ең төменгі жалақы мөлшері қанша болады?

Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» ресми порталында жарияланды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • жалақының ең төменгі мөлшері — 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 21 907 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері — 53 076 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш — 3 450 теңге;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері — 40 567 теңге.

Республикалық бюджет кірісі 17,5 трлн теңге болып белгіленді. Оның 10 млрд теңгеге жуығы — салықтан түсетін түсім, 351 млрд теңгесі — салықтық емес түсімдер. Ресей «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 54 миллиард теңге және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9,4 миллиард теңге көлемінде жалдау ақысын төлейді.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2,2 трлн теңге, мемлекет басшысы айқындаған мақсаттарға арналған нысаналы трансферт 1 трлн теңге болды.

Заң жобасы сайтта 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін ашық жария талқыланады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

5 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

22 часа ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago