ҚР индустрия және инфрақұрылымдық дамудың бұрынғы вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталды. Ол өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәліметінше, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне сай әрекет етіп, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз берген. Бұрын жүргізілген барлау дерегі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған.
Нәтижесінде лауазымды тұлғалармен үлестес кәсіпкерлер қол қою бонусының ең төменгі құны үшін нарыққа қатысушылардың бәсекелестік, қолжетімділік және тең құқықтылық қағидаттарын бұзып, өндіруге дайын кен орындарын алған. Кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет ондаған миллиард теңге алмаған.
7 қарашада өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен Индустрия және инфрақұрылымдық дамудың бұрынғы вице-министрі Тоқтабаев ұсталды. Оның және жақын туыстарың Кадиллак Эскаладе, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8, үй сияқты мүлкі тәркіленді,
делінген хабарламада.
Экс-министрге қатысты тергеу ісі жалғасып жатыр.