Дауа жоқ екен, дегенмен.
Путиннің сайлауына Қазақстанда жұмыспен не жайша жүрген, немесе соғыстан қашып жүрген Ресей азаматтарының да дауыс беретін құқығы болған.
Олар деген жанталасып, сол құқығын пайдаланып қалуға тырысыпты.
Путиннің сайлауына Қазақстанда дауыс беру үшін ұйымдастырылған 7 сайлау учаскесінің нәтижелері белгілі болып жатыр.
Соған қарағанда, Путин Қазақстанда да жеңіске жеткен екен. Путин қай учаскеде қанша пайыз дауыс алған екен десек:
- №8125 (Астана) — 23,3%
- №8126 (Астана) — 41,49%
- №8128 (Өскемен) — 84,45%
- №8132 (Приозерск) — 87,32%
- №8133 (Алматы) — 24,99%
- №8134 (Алматы) — 23,77%
- №8137 (Орал) — 70,87%
Бәрін қосқанда, Қазақстанда жүрген 8300 ресейлік ерінбей келіп, дауысын беріп кетіпті.
Оның ішіндегі 4073 сайлаушы (48%) Путинге дауыс берді.
Путин Алматыда 8% дауыс жинады деген сарында тараған ақпарат – бірен-саран оппозициялық баспасөздің өтірігі. Олар қайдағы бір белгісіз әлеуметтік сауалнамаға негізделген,
деп қуанып отыр билікшіл көзқарасынан басқа көзқарасы болмайтын қазақстандық саясаттанушы Данияр Ашимбаев.
Ал, ендеше!