Украинадағы соғыста қаза тапқан бейбіт адамдар саны сегіз мыңнан асты. Бұл ақпарат БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының баяндамасында айтылған.
Баяндамаға сәйкес. 21 580 адам әртүрлі жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, оның 8101-і өлген. Өлгендердің ішінде 2127 әйел мен 488 бала бар.
Көпшілігі әуе соққылары кезінде, үлкен аумаққа жайылатын жарылғыш заттардан, ауыр артиллериямен атқылаудан, дүркіндетіп ататын, жаппай қырып-жоятын реактив жүйе зымырандары түскеннен қаза тапқан,
деп хабарлайды BBC.