Бұл енді бай-бағландарға қатысты әңгіме. Кедей адам қандай кірісін көрсетеді?
Декларациялаудың негізгі мақсаты – азаматтардың кірісіне қарай әділ салық салуды қамтамасыз ету. Салық төлеуден жалтарғандарды анықтау көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Экономикадағы көлеңкелі айналымды азайтудың тиімді әдістерінің бірі – қолма-қол ақшасыз төлемге көшу, — дейді Кіріс комитетінің басшылығы, деп хабарлайды TengeLife.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметтеріне сәйкес, 9 айдың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өскен. (Өткен жылы – 82%).
Қазір ересектерден басқа, 6 жастан бастап балалар да қолма-қол ақшасыз төлемді белсенді пайдаланады. Ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген (Kursiv Research әлеуметтік зерттеулер орталығының деректері).
Банктердегі жеке тұлғалар депозитінің саны 16,9 миллионнан 19,8 миллионға дейін өсіпті. Жылдық өсім 14,3%, депозиттердің жалпы көлемі 18,6 трлн теңге болған. (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының деректері).
Ел айналымындағы әрбір азамат декларациялау кезінде 34,5 миллион теңгеден (10 000 АЕК) аспайтын қолма-қол ақшаны көрсете алады. Өзге қаражаттың болуын екінші деңгейдегі банктер растайды.
Сондықтан кірісімізді көрсетуден қорықпайық.