Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жылы тарифтік жоспарлар бағасының 7,7%-дан 57,3%-ға дейін көтерілгенін анықтады.
Сондай-ақ, байланыс операторлары тарифтік жоспарлардағы сөйлесу минуты мен SMS алмасу құнын да айтарлықтай көтерген. Осыған ведомство байланысты ұялы байланыс операторларына ескерту жібергенін хабарлады.
Тамызда еліміздегі барлық ұялы байланыс операторы тарифтік жоспарлар бойынша абоненттік төлемді арттырған болатын.
Tele2 компаниясы абоненттерге үндеу жасап, мұның инфляция мен басқа да экономикалық жағдайларға байланысты екенін жазды.