Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның аппарат отырысында еліміздегі балабақшалардағы тәрбие мен оқыту сапасын арттыру жоспары туралы айтты. Бұлтуралы Zakon.kz. хабарлады.
Шолпан Каринова мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында балабақша тәрбиешілеріне жүктемені азайта отырып, олардың жалақысын көтеруді тапсырғанын еске салды.
Мұғалім мен бала арақатынасын 1:12-ге дейін төмендету, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, мектепке дейінгі тәрбиешілерді аттестациялау жүйесін өзгерту ұсынылды,
деді Шолпан Каринова.
Ол бүгінде Қазақстанда бір балабақша тәрбиешісіне 25 баладан келетінін айтты. Мысалы, АҚШ-та, Австралияда, Финляндияда бір балабақша тәрбиешісіне төрт баладан келсе, Түркия мен Қытайда 10 баладан келеді. Бұл ретте олардың жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан бірнеше есе төмен.
1 қыркүйекте жҚасым-Жомарт Тоқаев жолдауында 2025 жылға қарай алты жасқа дейінгі барлық баланы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қажет екенін айтқан еді.