Балаларға жыныстық зорлық көрсету әлеуметтік апатқа айналды. Бір күндегі жаңалқтар лентасын қараған күннің өзінде осындай әсер қалады.
Мұндай қылмыстардың саны қашан да көп болатын, бірақ кейінгі жылдары қылмыстық хроникадан тыс оларға көңіл көбірек бөлініп жатыр.
Мұндай оқиғалар дөңгелек үстелдерде, парламентте, ашық қоғамдық талқылауларда батыл талқыланады. Әсіресе жанжалды істер бүкіл елдің назарын аударып, «Абайдағы бала» ісіндегідей саяси топтар арасындағы қақтығыстар тудырады. Мына сұраққа сол күйі жауап табылмай отыр: мұндай қылмыстардың санын қалай азайтуға және зорлықшыларды қалай тиімдірек анықтауға болады?
Әртүрлі саладағы эксперттер үздік халықаралық тәжірибеге негізделген бірнеше негізгі ұсынысты тұжырымдады. Бұл шараларды мемлекет адамдардың өмірін сақтап қалу, қайғылы оқиғалардың алдын алу, зұлымдарды ұстау және зардап шеккендерге барынша сыпайылық танытып қарау үшін қабылдауы керек.
Балаларға арналған секс ағартушылық сабақтары
Бұл қазақстандықтардың көбінің ашу-ызасын тудыратын ең айқын емес шара шығар. Осы уақытқа дейін бұл тақырыпта әңгіме қозғау әрекеттерінің бәрі «азғындықты насихаттау», педофилдік лобби және жастарды азғындау арқылы егемендігімізді тартып алғысы келетін әлемдік мемлекеттік департаменттің арам ойы деген моральдық дүрбелең туғызды. Шындығында, мұндай ликбез — «Кама-сутра» сияқты нұсқаулық емес, балаға (дамыған елдерде бұл сабақтар мектепке дейінгі мекемелерде басталады) оның жеке дене шекараларын ешкім, соның ішінде ата-анасы да бұза алмайтын қарапайым түрде түсіндіру.
Балалардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстардың басым бөлігі отбасында жасалатынын кез келген маман біледі. Кейінгі кезде ел аузында жүрген бірқатар жантүршігерлік жағдайлардың арқасында бұл қайғылы ақиқат қалың оқырманға жете бастады. Мұндай мәселелер туралы хабардар болу балаларға орынсыз әрекеттерді тануға және мұндай жағдайды кімге айту керек екенін білуге көмектеседі.
Тергеу әрекеттерінің жаңа хаттамасы
Қазақстанда құзырлы органдардан көмек сұрау тозақ пен табиғи қайта травматизацияның кезекті шеңберіне айналуы мүмкін. Көптеген қазақстандық отандық полицейлердің (мемлекеттік қызмет арасында рекордтық антирейтинг иелері) мұндай істерді қалай тексеретінін жақсы біледі. Кәдімгі орташа анықтаушы үшін жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған бала мен қарапайым шағымданушы арасында еш айырмашылық жоқ.
Шабуылға ұшырап, алымсақтық көрген және туыстарының немесе құқық қорғаушылардың қолдауымен басынан кешкенін айтуды ұйғарған бала аяусыз бюрократиялық алгоритмге сәйкес, болған оқиғаны погоны бар адамдарға қайта-қайта айтып беруге мәжбүр болады. Олар тергеу кезінде қарама-қайшылықтарды көрсетеді, азапты сәттерді нақтылайды, соңында зардап шеккен баланың өзін кәніламаса, жақсы.
Қарапайым техникалық жаңалық мәселені шеше алады – зорлық-зомбылық құрбаны болған баланың айғағы бір рет бейнетаспаға түсіріліп, кейін бұл жазба дәлел ретінде қалып, зерттеліп, сотта көрсетуге болады.
Жыныстық қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды есепке алу және бақылау
Қылмыскерді анықтап, оның кінәсін сотта дәлелдеу жеткіліксіз. Шынында да, мерзімін өтеп, босатылғаннан кейін (егер ол шартты түрде сотталмаса — тәжірибе көрсеткендей, мұндай субъектілерге қатысты таңғажайып гуманизм жиі болып жатады) мұндай адамдар көп жағдайда патологиялық тәуелділіктен бас тартпайды және ойын жүзеге асыру талпыныстарынан қайтпайды. Кейде олар жылдар бойы мүмкіндікті күтеді, ал кейде керемет мақсатқа ұмтылуы арқылы олар қалаған объектісіне жетеді. Олар басқа өңірлерге көшіп, балалармен араласуға болатын жұмысқа өтініш берген кезде өмірбаянын қолдан жасайды (ҚР Бас прокуратурасы мектеп автобусын айдауға құқығы жоқ жүргізушілерді анықтады), сенімге кіріп, әлеуметтік байланыстарды жақсартады.
Ондай адамдар арнайы инспекторлардың бақылауында болуы, қоныс аударғаны туралы міндетті түрде хабарлауы, сот тағайындаған психиатрларға баруы, кей жағдайда адамдар абыройы лас көршісі туралы басқаларға ақтап, хабарлауы қажет.
БАҚ-та ақпаратты дұрыс беру
Бір қарағанда, Қазақстандағы БАҚ көп жыл бойы осындай тақырыптарды ұқыпты жазып келеді. Жәбірленушілер мен олардың туыстарының аты-жөнін атамайды, олардың жүзін көрсетпейді, мұндай істер бойынша сот залынан репортаж түсірмейді (дәлірек айтсақ, оларға судьялар немесе процеске қатысушылар рұқсат бермейді). Бірақ көпшілігі әлі де кейбір қарапайым негіздерді үйренуі керек.
Мысалы, балаларға қатысты сексуал сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандардың бәрін педофил деп атап кетті. Дегенмен ғылым қылмыскерлердің көпшілігі әсіресе балаларға ерекше құмарлықты сезінбейтінін, балаларды жай ғана оңай жетуге болатын құрбан көретінін дәлелдеген. Дәлірек айтқанда, педофил диагнозы бар болса да ол өмір бойы бірде-бір балаға тиіспеуі мүмкін, ал «қалыпты» ориентациядағы адам ұзаққа созылған сұмдық қылмыстар жасауы мүмкін.
Кейбір қазақстандық психологтың пікірінше, мұндай жағдайларды егжей-тегжейлі және жүйелі түрде жариялау қылмыскерлерді шабыттандырады. Мамандардың пікірінше, зорлықшы үшін өзі сияқты қамауға алынған біреудің ұсталғанға дейін он шақты ісі жазасыз қалғанын оқу жеткілікті. Мұны ол үміттендіретін статистика деп біледі.