Енді Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының рұқсатынсыз Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларына тіркеле алмайды. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары енгізіледі. Құжат жобасы 6 маусымға дейін жария талқылауда болады.
Instagram, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу шаралары 2025 жылғы I тоқсанда енгізілуі мүмкін.
2021 жылы 1529 қылмыс тіркелсе, 2022 жылы оолардың саны 12 пайызға артып, 1735-ке жеткен. Мұндай құқық бұзушылықтар, әсіресе, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жиі тіркеледі.