Полицейлер «есірткі жасырушы» болып жұмыс істейтін балаларда болатын белгілер туралы айтты.
Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталады.
Полиция ата-аналарға мына белгілерге назар аударуды ұсынады:
- баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;
- жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
- араласатын ортасы өзгерсе;
- сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
- күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
- жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.