Батыс Қазақстан облысында балық арқылы тарайтын қауіпті дертке шалдыққандардың саны 113 адамға жетті, деп хабарлайды Информбюро.
Осылайша описторхоз деп аталатын аурумен ауырғандар былтырғы жылмен салыстырғында 26 пайызға көбейген екен.
Мамандар паразиттік құрт арқылы берілетін дерттің дендеуіне азаматтардың белгіленбеген орындардан балық сатып алуы және оны өңдемей пайдалануы себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.
Айта кетейік, описторхозбен ауырған науқастардың денесі мен бетінде бөртпелер пайда болады. Сондай-ақ әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі мен оң жақ қабырға астының ауырсынуы байқалады. Егер дертті дер кезінде емдемесе, бауыр, өт, жүректің созылмалы ауруына жалғасады.
Қазақстанда жеуге болатын азық-түлік қалмай бара жатқан сияқты. Қалай ойлайсыздар?