Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов банкрот болған жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы жөнінде айтты.
Оның айтуынша, адам банкрот атанғаннан кейін де жоғары жалақы төленетін жұмысқа орналасуына болады.
Банкроттықтан кейін, айталық, заңды түрде жұмысқа тұрып, жалақы ала бастаған адамдарға келетін болсақ, оларға ешқандай шектеулер мен айыппұлдар қолданылмайды, өйткені бұл еңбек қатынастары, ал егер ол жоғары білікті маман болса, ол жоғары жалақы алуға толық құқығы бар,
деді Миятов.