Алматыдағы базарда болған ірі өрт орнынан жаңа кадрлар пайда болды.
Қоймалар мен контейнерлер өртеніп жатыр. Видеода саудагерлердің тауарларын қалай сақтап қалуға тырысқаны көрсетілген.
Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері де келген. Өрт сөндірушілерді жұмыс істеп жатыр.
Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы 7 Б мекенжайына өрт сөндіруге барған.»Кептеліске қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өртсөндірушілер барғанда контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды,
делінген хабарламада.