Өзбекстандық Championat.asia басылымының хабарлауынша, Қазақстанның футбол федерациясының басшысы Әділет Барманқұлов Өзбекстанға 2034 жылы әлем чемпионатын бірлесіп өткізу жөнінде ұсыныс беріпті.
Бұл мәлімдеме Қырғызстанда өткен Орталық Азия елдерінің футбол ассоциациясы кездесуінде айтылған екен.
Әділет Барманқұлов қай жерімен ойлайды?
2020 жылы футболдан әлем чемпионатын қабылдаған Катар 220 млрд доллар жұмсады. Ондай ақша тіпті Қазақстанның ұлттық қорында жоқ.
Жалма-жан Қазақстан үкіметі Қазақстанның 2034 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізу жоспары жоқ екенін жеткізді, мәдениет және спорт министрлігі арқылы. Барманқұловтың басында ғана болмаса, біздің ондай арам пиғылымыз жоқ дегендей.
Қазақстан 2034 жылы Өзбекстанмен бірлесіп футболдан әлем чемпионатын өткізбейді, деді мәдениет және спорт министрлігі.
«Мәдениет және спорт министрлігі қазақ футболының дамуына ерекше көңіл бөледі және бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Бірақ Қазақстан футболдан әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап жатқан жоқ әрі өткізу жөнінде өтініш беру жоспарда жоқ», деді министрлік.
Бірақ қазаққа осы Барманқұлов сияқтылардан байқау керек.
Әйтпесе бұлар әлі де мемлекетті қазаққа пайдасыз, бірақ шығыны орасан қораға тығып кетуден әлі де тайынбайды екен.