Әлемдік БАҚ не туралы жазып жатыр?
The Wall Street Journal Илон Маск тағы да соттасып жатқанын хабарлады. Миллиардер осы аптада Tesla-дағы өтемақы пакетін қорғау үшін сот алдына барады.
Tesla-ның ірі акционерлерінің бірі Делавэр сотынан бас директорының сыйақы пакетін алып тастауды сұраған. Пакет 2018 жылы мақұлданды және акциялардың соңғы құны бойынша шамамен 52 миллиард долларға бағаланды. Талапкер Tesla-ның сол кездегі кеңесі мәміленің және оның қалай жасалғаны туралы негізгі ақпаратты ашпаған деп мәлімдейді.
Вloomberg Қытайдың технологиялық акцияларының құлдырауы кенеттен бүкіл әлемдегі инвесторлардың нарыққа деген қызығушылығын тудырды деп жазады.
Соңғы MLIV Pulse сауалнамасында инвесторлар Big Tech-тің қытайлық секторын инвестициялауға ең қолайлы деп атады. Респонденттердің жартысына жуығы қытайлық компаниялардың акцияларының пакеттерін сатып алғанын немесе жақын арада сатып алмақ ниетте екендерін айтты.
Инвесторлар АҚШ санкцияларынан кейін акциялардың құлдырауын нарық жақын арада қайта қалпына келтіреді деп болжайды, өйткені Вашингтонның Қытай экономикасын шектеуге тырысуы әлемдік технологиялық индустрияға кері әсерін тигізді. Яғни, өте қуатты технологиялық лоббидің қысымымен Вашингтонның Қытайға қарсы шараларды қайта қарау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
The Guardian АҚШ президенті әкімшілігі Байденнің Си Цзинпинмен бүгін кешке, 14 қарашада өтетін жеке кездесуінен кейін өз позициясын жеңілдететініне сенімді екені туралы жазды.
Ақ үйдің өкілі Карин Жан-Пьер: «Көшбасшылар байланыс желілерін сақтау және тереңдету бойынша күш-жігерді талқылайды», сондай-ақ «бәсекелестікті жауапкершілікпен басқару және біздің мүдделеріміз сәйкес келетін жерде, әсіресе трансұлттық қатынастарда бірлесіп жұмыс істеу» туралы талқылайды деді.
Басылым жазғандай, әкімшіліктің бір жоғары лауазымды өкілі Байден Қытай басшысына «қазіргі әлемдегі жол қозғалысы ережелерін» жеткізуге ниетті екенін айтты.
Мен президент біздің бірқатар уайымымызға, соның ішінде Тайвань бұғазы арқылы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін ҚХР әрекетіне, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуына қатысты бұрыннан келе жатқан алаңдауымызға адал болады деп үміттенемін,
деді Байден әкімшілігінің өкілі.
Алайда, Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь АҚШ-ты келіспеушіліктер тудырды деп айыптады. Көшбасшылар кездесуі қарсаңында ол «Тайвань бұғазындағы шиеленістің түпкі себебі — Тайвань билігі «Тайвань тәуелсіздігіне» ұмтылысы барысында АҚШ-тың қолдауына жүгінеді және АҚШ-тағы кейбір адамдар Қытайды шегіндіру үшін Тайвань мәселесін қолдануға ниетті. Мұндай әрекеттер Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзады» деді.
Бір күн бұрын ол АҚШ-ты «Бір Қытай принципін бұрмалауды және бұзуды тоқтатуға» шақырды.
Біз егемендігімізді, қауіпсіздігімізді және даму мүдделерімізді берік қорғайтын боламыз,
деді Чжао.
Fox news аралық сайлаудың аралас нәтижелері сарапшыларды АҚШ президенті сайлауына дейін қалған алдағы екі жылдағы елдің болашағы үшін алаңдатып қойды деп жазады.
Аралық сайлау — америкалықтар үшін президентке оның саясаты туралы не ойлайтынын жеткізудің алғашқы мүмкіндігі. Бұл сайлау сайлаушылардың не қалайтыны туралы нақты түсінік береді. Яғни, президент үшін бұл екінші мерзімге қайта сайлану үшін саясатын өзгерту мүмкіндігі.
Биылғы жылы америкалықтар, ең алдымен, Байден әкімшілігінің шешімдері мен әрекеттеріне байланысты емес, тек өсіп келе жатқан инфляцияға алаңдайтынын анық айтты.
Алайда сайлаудан кейінгі сөзінде президент «республикашылар қалағандай қызыл толқын болған жоқ. Бұл Америка халқы мені және менің саясатымды қолдайды дегенді білдіреді» деді.
Яғни, Байден ешқандай өзгеріс күтудің қажеті жоқ екенін айтты. Оның инфляцияны төмендету, басқа елдерді қолдауға жұмсалатын шығындарды азайту, көбірек бұрғылау және зорлық-зомбылық қылмыстарын ауыздықтау жоспары жоқ.
New York Times республикалықтар станында жайлаған алауыздық туралы жазады. Аралық сайлаудың аса сәтсіз нәтижелері және Трамп жеке қолдаған барлық кандидаттардың жеңіліп қалуы бұрынғы президент партия үшін саяси ауыртпалық болды деп айтуға негіз болды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…