Теракт: Лаңкес Түркияға арнайы тапсырмамен келгенін мойындады

Стамбұлдың Истикляль көшесіне жарылғыш зат қалдырған Ахлам Альбашир Түркияға арнайы тапсырмамен келгенін мойындады.

Ол Түркияға заңсыз жолмен Африн-Идлиб қалалары арқылы келген.

Сирия демократиялық партиясы, Бірлескен демократиялық партиясы және Күрдстан жұмысшылар партиясы тарапынан арнайы дайындықтан өттім. Теракті жасау үшін олардан арнайы тапсырма алдым,

деді күдікті.

Сондай-ақ, түркі басылымдары елде қарулы күштер тарапынан ұйымдастырылған арнайы операция кезінде Ахлам Альбаширден бөлек 46 күдікті азамат ұсталғанын хабарлады.

Айта кетейік, кеше Стамбұлдың орталық көшесінде болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақаттанды.

Көп ұзамай Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу жарылғыш зат қалдырған әйел адамды ұсталғанын мәлімдеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Стамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдап, Стамбұл қаласындағы жантүршігерлік оқиға салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago