Дін

Бас мүфтиге қарсы ақпараттық соғыс басталып кетті

Журналист Диас Нұрақынның пікірінше, қазір әлеуметтік желілерде бас мүфтиге қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Жұрт «Наурызбай қажы Тағанұлы туған жерін жасырды, оқыған жерін өтірік айтыпты» деген қауесеттер айтылған видеолар тарап жатыр.

Наурызбай қажы Тәшкенттегі Имам Бухари атындағы ислам университетін тәмамдаған. Бірақ оқу орны Наурызбай Тағанұлы деген шәкіртіміз болған жоқ депті. Сондай-ақ мүфтидің туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы деп көрсетілген. Ал, кей құжаттарда туған жері Өзбекстан деп тұр екен. Шын-өтірігін бас имам өзі ашып айтар. Егер расымен еліміздегі ең иманды кісі өтірік айтып, бізді алдаса біткен жеріміз осы,

деп жазды Диас Нұрақын.

Бірақ, Диас Нұрақын, елімізде дінді жаулық қылып, ел ішіне іріткі салушылар бой көтере бастағанын да айтады. Бұған орамал дауы, шеше деген сөзге қарсы «ұстаздың» ұстанымы, мерседесті мұсылмандар ойлап тапты деген алып-қашпа әңгімелердің таралуы дәлел.

Бұл елді іштен ірітудің төте жолы. Сондықтан әлеуметтік желіде таралған күмәнді зерттеу видеоға мүфтият өкілдері тыңғылықты жауап береді деп сенеміз. Пойыздың алдына түсіп алып жүгірмей, әліптің артын күтейік,

деп жазды журналист.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago