Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова сайлауға бетперде киіп баруға кеңес берді.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін мыңнан астам адамның тұмау жұқтырғаны зертханалық талдаумен дәлелденсе, бір миллионнан астам адам респираторлық инфекцияны жұқтырған. Оларлың арасында балалар да аз емес.
Қазір коронавирус бойынша жағдай тұрақты, бірақ біз респираторлық инфекциялар мен тұмау маусымы аяқталған жоқ. Вирусты жұқтыру жолдары бірдей. Одан қорғану шаралары да ұқсас. Қазір бетпердені киюге міндет жоқ. Бірақ әрбіреуіміз тұмаудың ерте басталғанын ескеріп, сақтық шараларын ұмытпауымыз керек. Демек, кез келген сайлаушы бетперде киіп, дауыс бере алады,
деді Есмағамбетова орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.