Ресейде бірнеше жыл бұрын Алексей Костромин деген біреу кісі өлтіргені үшін сотталған. Бірақ ол «Вагнерге» қосылып, түрмеден құтылды. Соғыстан аман шығып, үйіне оралды. Оралғаны сол екен, жаңа қылмыс жасады – 26 жастағы қызды ұрып-соғып, зорлап тастады.
Қазір ол іздеуде.
Костромин секс зорлық жасағаны үшін бірнеше рет айыпталған. 2020 жылдың соңында ол Киров облысы бойынша Жазаларды орындау федералды қызметінің облыстық департаментінің қызметкері бола тұра, таныс қызын қызғанып, оны балғамен ұрып өлтірген.
Қылмысы үшін қатаң жаза алды, бірақ екі жыл өтпей түрмеде Пригожин әскеріне кірді. Келісімшарт бойынша қызмет еткеннен кейін туған ауылына оралып, бұрынғы ісіне қайта көшкен көрінеді.
Жәбірленуші аман қалды, бірақ оның ауыр жағдайы дәрігерлерді алаңдатуда. Ашық бас миының жарақаты, бетінің сынуы, мойынның пышақ жарақаты және көз алмасының контузиясы – мұның бәрін Вагнер жауынгері жасады. Сонымен қатар, қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
Айуандардың мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны бұл ғана емес. Мамыр айының соңында Новосибирск облысында вагнерші 10 және 12 жастағы екі оқушы қызды зорлады, ал Карелияда соғыстан оралған Игорь Софонов алты адамды өлтірді деген айыппен қамауға алынды.
Түрлі есептерге сәйкес, Вагнер түрмеден 70 мыңдай қылмыскерді шығарған, оның 32 мыңы «ерлігі» үшін рақымшылық алып, үйіне қайтқан. Олар өз елінде өлтіру мен зорлауды жалғастыруын қоймай, сонымен бірге Украинаның оккупацияланған аумақтарында да арам ойларын жүзеге асырды.
Украинада соғыс басталғалы елдің түрлі аймақтарында ресейлік әскерилердің жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттері туралы жаңалықтар пайда бола бастады. Бір жылдан кейін құқық қорғаушылар жүздеген жағдайды тіркеді. Бұзақылықтың құрбандары тек әйелдер ғана емес, сонымен қатар қарттар, балалар, ер адамдар да болды.
Болып жатқан оқиғаның ауқымын ескере отырып, 2022 жылдың қыркүйегінде Украинада осындай әскери қылмыстарды тергеу үшін арнайы Басқарма құрылды. Бұл мекеменің кураторының айтуынша, кейде бір отбасынан бірден бірнеше адам, мысалы, ана мен бала, әже мен немересі зорланған. Кейбір жағдайларда кәмелетке толмағандарды зорлау жүктілікпен аяқталады. Сотқа түскен істердің басым көпшілігі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты, және кем дегенде 11 іс кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған. Бұл ретте сотқа дейін небәрі 155 іс жеткен. Басқа жағдайларда, барлық жәбірленушілер қылмыскерлерді жазалауды талап етуге дайын емес. Олар үшін дәлелдеме берудің өзі үлкен күйзеліс болып табылады және қоғамдағы жыныстық зорлық-зомбылық тақырыбына бейбіт уақытта да тыйым салынғанын ескерсек, соғыс кезінде жағдай тіпті ушығып кетті.
Соғыс қимылдары кезінде жыныстық зорлық-зомбылық көрсетудің өзі азаптау түрі болып табылады.
Бас прокуратураның мәліметінше, зорлық-зомбылық оқиғаларының ең көп саны Киев пен Херсон облыстарында орын алған. Айта кетелік, Херсон облысында ерлерге қатысты жыныстық жасалған зорлық-зомбылық жағдайлары көп тіркелген – Украина бойынша прокурорлар ерлерге қатысты зорлық-зомбылық туралы 38 істі сотқа жіберді, оның 37-сі Херсон облысынан.
Прокурорлар кейбір оқиғаларды жақындары арқылы Украина әскеріне ықпал ету әрекетімен байланыстырады. Әдетте, бұл жағдайда адамдар өлтірілмейді, бірақ барлық қорқытулардан кейін олар майдандағы қорғаушысына «сәлем айту» үшін босатылады.
Қазір Украинада қанша зорлық-зомбылық орын алғанын айту әлі ерте. Бұл деректер жайлы ел Ресей басқыншылығынан толық азат етілгеннен кейін ғана білуге болады.
Жыныстық зорлық-зомбылық істерін тергеу Басқармасы өкілдерінің айтуынша, украиндықтардың жыныстық қол сұғылмаушылығын қорлаудың ауқымдылығы сонша, олар әскери басшылықтың рұқсатымен жасалып жатыр деген қорытындыға келуге болады. Осылайша, олар жат жерде өз ережелерін енгізуге тырысады, ал зорлық-зомбылық – басқа адамның денесі арқылы тұтас бір ұлтты қорлаудың тиімді әдісі. Мұны басынан өткеруге тура келгендер ауыр жарақат алды, ал сонымен қатар бұл Украинаның барлық азаматтарына жіберілген хабарлама секілді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…