Ақтөбедегі ең ірі бассейнде су 5 жыл бойы ауыстырылмаған.
«Достық» спорткомплексіндегі бассейнде жасөспірім спортшылар жаттығады. Ата-аналарының сөзінше, судағы хлор мөлшерінің көптігінен оған түскен балалардың үсті бөртіп, жөтеле бастаған.
Жазда суда жүзу бойынша өткен сайыс барысында 12 қатысушысының жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен еді.
Сол кезде барлығы реактивті затпен уланып қалды деген болжам айтылған еді.
Енді қараша айының басында жүргізілген тексерістің нәтижесінде судың соңғы рет 2017 жылы ауыстырылғаны белгілі болды.
Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің бас маманы Әділбек Ділжановтың айтуынша, суды бір рет ауыстыру үшін 7 миллион теңге қажет.