Өңдеу өнеркәсібі кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Баққұлов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы ауысқанымен, палатада ештеңе өзгерген жоқ, жеке тұлғалардың мүддесі әлі күнге дейін басқалардан жоғары деп есептейді.
2022 жылғы көктемде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басшылық құрамы өзгерген еді.
Жаңа төраға Райымбек Баталовпен бірге жаңа команда келді. Оның ішінде Тимур Жаркенов те бар. Жаңа бағыт, жаңа үміт дегендей. Энергия да, бірнәрсені өзгертуге деген ниет те мол сияқты еді. Дегенмен өткен аптада оның қолы қойылған хатты оқыдым,
дейді Марат Баққұлов.
Хат өндірістік сертификатты беру және оны берген ұйымның жауапкершілігі туралы болды.
Олай емес екен. Қарапайым сұраққа жауапты жарты жылдай созып қойғаны былай тұрсын, күні кеше неге екені белгісіз жиын өткізіп, сол мәселені талқылапты. Оның талқылайтын несі бар еді? Қарапайым ережелердің қарапайым пункты еді. Хатқа жауап та соған ұқсас мәнде (нақты жауап жоқ) келіпті. ҰКП қабырғасында адамдарға әсер етіп, оларды мутацияға ұшырататын нәрсе бар-ау осы,
деді Марат Баққулов.