Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Басыма дәрет сындырды»: Жасөспірімдер соққыға жыққан ер адамның жағдайы әлі ауыр
Қоғам

«Басыма дәрет сындырды»: Жасөспірімдер соққыға жыққан ер адамның жағдайы әлі ауыр

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 31.03.2023
Обновлено 31.03.2023 в 11:03
Поделиться
Фото: Sputnik
Поделиться

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Таутүрген ауылында 49 жастағы ер адамды 9-сыныптың екі оқушысы мен колледж студенті аяусыз соққыға жықты. Ауруханадан шыққан жәбірленушінің жағдайын Sputnik Қазақстан агенттігі жазды.

Оқиға 6 наурызда болған. Елуді алқымдаған Назар Тілекеев түнгі ауысымда жүріп, дүкенге барып темекі сатып алмақ болған. Әдетте ашық тұратын дүкендер сол күні ерте жабылған. Сол маңда тұрған үш жасөспірімге жақындап, темекі сұраған. Назар Тілекеевтің айтуынша, олар арақ ішіп тұрған. Өзара сөйлесіп тұрып, аяқасты жанжал шығады.

Мен олардан темекі сұрадым. Олар бөтелкемен арақ ішіп тұрды. Оларға не дегенім есімде жоқ, бірақ соққыға жығатындай ешнәрсе айтпадым. Біреуі басымнан тепті. Құлап қалдым, артынша тағы тепті. Орнымнан тұрғызбай соға берді, басыма дәрет сындырды.

фото: Sputnik

Назар Тілекеевтің 17 жерден қабырғасы сынған, миы шайқалған. Қазіргі күні өкпе, бүйрегі дұрыс жұмыс істемейді. Ол жалданып күніне 8000 теңге тауып жүрген. Қазіргі күні атпалдай ер азамат еңбек ету тұрмақ, орнынан тұрып, ас ішуге жарамай қалған. Қазір Назарды 76 жастағы анасы Фарзана әжей бағып отыр. Баласын әлпештеген ананың еңірегенде етегі жасқа толады.

Жаңағы ұрған баланың шешесі: «балаларға түк те болмайды, полицияға ақша төлеп құтылып кетеді» деп айтыпты. Ол балаларды соттатып, болашағына балта шабайық деген ойымыз жоқ. Аман болсын, бірақ жаман болмасын. Тек мына мүгедек болып қалған баламды аяғынан тік тұрғызып берсін,

дейді Фарзана Тілекеева.

Фарзана әжейдің екінші ұлы да қаскүнемдердің қолынан ажал құшқан. 37 жастағы жігітті аяусыз соққыға жығып, мәйітін есік алдына қалдырып кеткен. Жүрегі шайлыққан ана енді «атам дегізсең де, ботам дегізбе» деп Алладан ұлы Назардың амандығын тілеп, жылаумен таң атырып, күн батырып жүр.

фото: Sputnik

Жасөспірімдердің екеуі — 140 жылдық тарихы бар Ломоносов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары, біреуі — колледж студенті. Оқушының бірі бірінші тоқсанның аяғында басқа мектептен ауысып келген.

Мектеп директорының айтуынша, оқушының мектептегі тәртібі өте төмен. Бір оқушыны суицид жасауға дейін жеткізіп, ол мектептің ата-аналары «қай жерде тұрады, сол жердің мектебіне барсын» деп қарсы шыққан. Сол себепті мектеп ауыстырған. Осы білім ордасында қызға таласып 9-сынып оқушысын аяусыз соққыға жығып, ол ауруханаға жатып шығыпты.

Ал оқушылардың бірі ұрмағанын, тек қарап тұрғанын айтып ақталған. Мектеп басшылығының сөзінше, екі оқушының бірі өкінгенде өзегі өртенетінін, енді бірі тіпті анасына да жаны аши қоймайтынын айтқан.

Сайып келгенде барлығы отбасындағы тәрбиеден. Екі оқушының бірі біресе әкесімен, біресе шешесімен тұрады. Әкесіне барып едік, басын ала қашты, ал шешесі «менің балам соққан жоқ» деп шаң жуытпады. Керісінше «менің балам өте кекшіл» деп өзімізге доң-айбат көрсетіп кетті,

Жәбірленуші ауруханадан енді ғана шықты. Ауру тарихы ауруханадан шыққан соң беріледі, сосын сараптама жасалады. Сол сараптамадан соң шешім шығарылады. Ол балалар жауапкершіліктен еш құтыла алмайды. Тіпті жәбірленуші кешірім бергеннің өзінде бұндай қылмыстан оңай құтылып кетпейді, — дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Ернар Сайділдин.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 31.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?