Батыс Ресей ақшасын Украинаға беруге дайын емес. 19 қыркүйек

Әлемдік БАҚ не деп жазады?

Мықты доллар ешкімге қажет емес

The Wall Street Journal АҚШ долларының өсімін тудыратын әлемдік экономика тап болған мәселелер туралы жазады.

Доллар әлемдік сауда мен қаржы саласында қолданылатын негізгі валюта болғандықтан оның құбылуы ерекше мәнге ие. Азиядағы отын мен азық-түлік тапшылығы, Еуропадағы рекордық инфляция және Жапонияның жарылғыштарын сата алмауы қазіргі доллардың күшін көрсетіп отыр.

Алаңдатарлық белгінің бірі — доллардың тұрақты өсуіне байланысты Қытай, Жапония және Еуропа бүгінде өз валюталарын сақтап қала алмай отыр.

Биылғы жылы доллардың өсуі ФРЖ пайыздық мөлшерлемесінің қарқынды өсуіне байланысты болды. Сол себепті әлемдік инвесторлар басқа нарықтан активтерін шығарып, АҚШ-тың жоғары кірістеріне салуға мәжбүр болды. Соңғы экономикалық деректер көрсеткендей, АҚШ-тағы инфляция жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл ФРЖ ставкаларын одан әрі көтеріп, доллардың ықпалын әрі қарай арттыра береді.

АҚШ үшін доллардың күші арзан импортпен байланысты. Яғни инфляцияны ұстап тұру және американдықтардың сатып алу қауқарын білдіреді. Алайда, егер әлемдік экономика құлдыраса, бұл АҚШ-тың жағдайын өзгерте алмайды.

Егер біз доллардың одан әрі нығаюына қол жеткізсек, бұл түйенің жотасын бұзатын сабан болады. Шекара нарығы дағдарыстың алдында тұр. Оларға қазір қажеті — мықты доллар,

Габриэль Стерн, Оксфорд экономикасының дамушы нарықтарын зерттеу бөлімінің бастығы.

АҚШ-та пандемия аяқталды

Вloomberg  АҚШ президенті Джо Байден CBS телеарнасына берген сұхбатында COVID-19 пандемиясы аяқталғанын мәлімдегенін жазды.

Пандемия аяқталды. Бізде әлі де COVID мәселесі бар. Біз әлі де көп жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ пандемия аяқталды. Байқасаңыз, ешкім маска тақпайды. Барлығы өте жақсы жағдайда сияқты,

АҚШ президенті Джо Байден.

31 тамызда АҚШ сайлау комиссиясына Байденнің қайта сайлануын қолдайтын қозғалыстан өтініш түсті. Байден өзінің сайлауалды науқаны мен оның екінші мерзімге кандидатурасын қолдау науқаны үшін қаражат жинайтын қозғалыс Biden for Prezident деп аталады.

9 қыркүйекте Байден Трампты Капитолийді басып алуға қатысушыларға уәде бергені үшін сынға алды. Байден бұрынғы мемлекет басшысы Дональд Трамптың Капитолийге шабуылға қатысушыларға рақымшылық жасау туралы уәдесі демократия тұжырымдамасына қайшы келетінін айтты.

Батыс Ресей активтерін тәркілеу идеясын қолдамады

The Guardian Украина БҰҰ Бас Ассамблеясына шетелде 300 миллиард долларға дейін ресейлік мемлекеттік активтерді тәркілеуге әкелуі мүмкін халықаралық өтемақы механизмін құруға негіз болатын қарар қабылдауды қолдайды деп жазады.

АҚШ Әділет министрлігі маусым айында АҚШ пен оның одақтастары Ресей элитасының активтерін 30 миллиард долларға және Ресейдің Орталық Банкінің активтерін 300 миллиард долларға тоқтатты деп мәлімдеді.

Украинаның Әділет Министрінің орынбасары Ирина Мудра өткен аптада Лондонға барды. Бұған дейін ол Германия, Париж және Брюссельде келтірілген залалды өтеу туралы заң туралы саяси пікірталастар өткізді. Сонымен қатар, бұл тақырып АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенбергпен те талқыланды.

Страсбургте Еуропа Кеңесінің министрлері аталмыш принципті қолдады. Бірақ Украинаның ұсыныстарына суыққандылық танытты. Олар Украинаның халықаралық өтемақы механизмін құру туралы ұсыныстарын, халықаралық залалға әкелетін бірінші қадам деп бағалады. АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен АҚШ-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес мұндай өтемақы заңсыз екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта АҚШ  ресейлік активтерге тыйым салуға заңды өкілеттігі жоқ. Яғни Ресеймен соғысып жатқан жоқ. Сондықтан орыстың заңды меншік құқығына қарсылық білдіре алмайды.

Сарапшылардың айтуынша, егер Ресейдің орталық банкінің активтерін қатырып қоймай, тәркілейтін болса, АҚШ қауіпсіз қаржылық аймақ сенімінен айырылады.

Эстония, Латвия, Литва және Словакия қаржы министрлерінің бірлескен мәлімдемесі оң қабылданды. Ал Лиз Трасс сыртқы істер министрі ретінде бұл идеяға түбегейлі қолдау білдірсе, Ұлыбританияның премьер-министрі болып тақырыптан алшақтады.

Сарапшылардың экономика бойынша болжамдары төмен

Goldman Sachs американдық экономиканың болашағы туралы теріс болжам жасады деп хабарлайды Fox news. Федералды резерв жыл соңына дейін ақша-несие саясатын күшейтуі мүмкін. Сондықтан сарапшылар 2023 жылы ЖІӨ-нің өсу қарқынының төмендеуін болжап отыр. Олардың пікірінше, жұмыссыздық деңгейі бұрын болжанғаннан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Аналитикалық жазбада Goldman 2023 жылы ЖІӨ-нің 1,1% — ға өсуін болжайды.  Алдыңғы болжам 1,5% еді.  Жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың соңына қарай 4,1% — ға дейін өседі (бұрын болжам 3,8% — ды құрады).

Трансгендерге айналу енді тек заңгер арқылы

Вирджиния трансгендер оқушыларды қолдайтын мектептегі саясатынан бас тартты деп жазады New York Times. Мемлекеттік білім министрлігі бұндай студенттерге заңды құжаттарды ұсынуы керек деген ереже бекітті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago