​16 өңірде бала құқығы жөніндегі уәкіл тағайындалды

Қазақстанның 16 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестік жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар бар.

Енді баланың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда ата-аналар, балалар және басқа да кез келген азамат өз аймағындағы уәкілдің көмегіне жүгіне алады. Кандидаттар облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімімен тағайындалады,

делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды. Олар балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге де қатысады.

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі омбудсмендер балаларға арналған ұйымдарға кедергісіз кіре алады. Олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Алматы облыстарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Ал қалған 4 облыста кандидаттар тізімі әлі қаралып жатыр. Біз комитет өкілдері ретінде балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен белсенді жұмыс істейміз,

деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Бұған дейін барлық өңірде бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіліп жатқанын хабарлаған едік.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

8 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago