Бауыржан Әленов Алматы облысының полиция департаментін басқарады

Алматы облысының полиция департаментін енді Бауыржан Әленов басқарады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Әкімшілігімен келісе отырып, полиция полковнигі Бауыржан Әленов Алматы облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды.

Бауыржан Әленов 1976 жылғы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген. Білімі бойынша заңгер, заң ғылымдарының магистрі.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылғы мамыр айында Көкшетау қаласы Ішкі істер Бас басқармасына қарасты МҚКБ полициясының полиция батальоны болып бастаған. Әртүрлі қызметте істеді.

2013 жылы Ақмола облысы ІІД Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2015-2018 жылдары Ақмола облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болып істеді. Одан кейін Ақмола филиалы басшысының бірінші орынбасары болды. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтерінде басшылық қызмет атқарды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago