Шетел азаматтарынан ақша бопсалаған «Бейнеуліктер» қылмыстық тобы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталды.
Топ мүшелері «Тәжен» өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді.
Ұйымдасқан қылмыс тарапынан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.