Әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуханның Түркия президенті Режеп Ердоғанның қабылдауында болғандығы жайында ақпарат тарады.
Бұл ақпаратты Тоқтар Жақаш фейсбуктегі парақшасында жариялады.
«Бекболат Тілеуханның Тайып Ердоғанмен кездескен суретін «бұрынғы сурет» деп жатқандар үшін тағы бір суретін салайын, ал! Бұрынғы сурет емес. Дәл кеше түскен суреті. Ыстамбұлдағы «Көшпенділер ойыны» шарасынан кейін Бекболат Тілеуханды Түркия президенті жеке қабылдапты. Не әңгіме болғанын әзір білмеймін. Бірақ бірге отырып қонақасы ішкен. Суретті фотографтың өзі жіберді маған,
деп жазды.
Пост астында оқырмандар түрлі пікірлер қалдырды.
Сіз сол кісіні жақсы көретін сияқтысыз. Әйтеуір қара PR жасағансып, шығарасызда отырасыз. Әйтпесе, біз ондай адам болғанын ұмытып кеттік, тек кинодан көреміз
Айналайын ғұмырлы болсын, қайда жүрседе аман жүрсін, сай тасындай нар тұлғалы азамат қой құрдасыңыз!
Ел басына күн туғанда кетті де қалды.
Түркілер бірігу керек деп отырған шығар.